Алматыдағы Горький саябағында жатақхана не үшін салынады?
Алматыдағы Горький саябағында жатақхана не үшін салынады?
403
оқылды

Қазіргі уақытта Абай атындағы ҚазҰПУ-де 13 мыңнан астам адам оқиды, оның ішінде 10 780-і сырттан қатынайды. Жалпы 3 мыңнан астам студент жатақханаға мұқтаж.

Жоғары оқу орнының 1397 төсекке арналған 5 жатақханасы бар. Бүгінгі күні онда санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес тек 1-курстың 814 студенті тұрады. Бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру мақсатында университет 327 орынға арналған жатақхана салуды жоспарлап отыр.   жатақхана «Алматы қаласы әкімінің қаулысымен орталық саябақпен шекаралас Медеу ауданында орналасқан Абай атындағы ҚазҰПУ жер учаскесіне жатақхана салуға рұқсат берілді. Ғ.Орманов көшесі жағынан бөлек кіреберісі бар. Сондай-ақ, бұл жер учаскесінде М.Әуезов атындағы стадион, университеттің оқу корпустары мен әскери кафедрасы орналасқан. Жатақхана велотректен кейінгі жер учаскесінде бой көтереді. 2011 жылдан бастап бұл жер телімі спорт және туризм колледжінің балансынан алынып, Абай атындағы ҚазҰПУ балансына берілді. Мәдениет және демалыс саябағының аумағына кірмейді», – деп хабарлады жоғары оқу орнының баспасөз қызметі. Жатақхана салу үшін барлық рұқсат құжаттары бар.

«Алматы бас жоспары «Ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нан келісім алынды. Білім және ғылым министрлігі, «Қаржы орталығы» АҚ және Абай атындағы ҚазҰПУ арасында үшжақты келісім жасалды. Инвестор және мердігер – «Әл Мансур» ЖШС.

Бұған дейін Алматыдағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жері туралы жазған болатынбыз