Мемлекеттік балабақша 4 жылдан бері қаңырап бос тұр — Нұр-Сұлтан
Мемлекеттік балабақша 4 жылдан бері қаңырап бос тұр — Нұр-Сұлтан
108
оқылды

Ата-аналар балаларын қақаған қыста орталықтағы балабақшаға апарып-әкелуге мәжбүр, — деп хабарлайды «Қазақпарат».

Family village тұрғын үй алабында орналасқан мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынған балабақша құрылысына қыруар қаржы жұмсалған.

Ауласы абаттандырылған.

«Жазда неге ашылмай тұр деген сұрақ туындады. Салынған болса, неге ашылмайды? Орталыққа шығамыз. Жазда жарайды. Қыста қиын. Бұл аумақтың тұрғындары таңнан тұрып, балаларын орталыққа тасып әуре. Мемлекеттік білім беру мекемелерінен мұнда тек мектеп қана жұмыс істеп тұр. Ал, балабақшаның сиқы мынау. Аты бар, заты жоқ», — дейді қала тұрғыны Айнагүл Сүлейменова.

Бұл ауданда мемлекеттік балабақша жоқ. Тек жекеменшік балабақша бар. Бірақ оған айына 50 мың теңге төлеу керек.

«Мен баламды қала орталығындағы балабақшаға апарамын. Жақын жерде мемлекеттік бөбекжай жоқ. Бос тұрған бұл ғимаратты Назарбаев зияткерлік мектебіне берген деген әңгімелер айтылды. Мұнда тұрғындар өте көп. Әр отбасында кемінде бір баладан бар», — дейді тұрғын Елена Воробьева.

Әкімдік өкілдері ғимараттың 4 жылдан бері пайдаланылмай, бос тұрғанын растады.

«Балабақша мемлекеттік болады. 240 баланы қабылдаймыз деп жоспарлап отырмыз. 9 топ болады», — деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі білім басқармасы мектепке дейінгі білім беру бөлімінің басшысы Ләззат Қазбекова.

Оның айтуынша, балабақша көп ұзамай іске қосылмақ.