Жамбылдың автожолдары  ақылы болады
Жамбылдың автожолдары  ақылы болады
183
оқылды
Жамбыл облысы аумағындағы автожолдармен жүру ақылы болмақ. Бұл жайында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның қоғамдық қабылдауында айтылды. Ең әуелі Тараз қаласындағы  «Қайнар-Тараз» жол учаскесіне төлем қабылдаудың ашық жүйесі енгізілмек. Төлем қабылдау жүйесі енгізілген жолдарда тәулік бойы жолды патрульдеу, смарт-жүйелердің көмегімен жол қозғалысының қауіпсіздігін бақылау, төтенше жағдайларда жүргізушілерге көмектесу, жол қабатын жедел жөндеу және тазарту, жол бойындағы инфрақұрылымды дамыту сынды  жұмыстар  жүзеге асырылатын болады. Сондай-ақ,  ақылы жолдарда жүргізушілер мен жолаушылардың жайлылығы үшін жанар-жағармай құю бекеттері, қонақүйлер, дәмханалар, дүкендер, тегін жылы дәретханалар, душ бөлмелері және  қызметтерді қамтыған демалыс орындары салынуда. Осы жоба толықтай жүзеге асқаннан кейін өзге жолдарға да төлем қабылдау қондырғыларын орнату көзделуде.  

Саятхан Сатылған,

Жамбыл облысы