Атырау облысында жоғалып кеткен екі баланың денесі өзеннен табылды, — деп хабарлайды ATPress.kz.
Дереккөздің жазуынша, 9 жастағы балалар 11 қаңтар күні қала маңындағы Құрсай ауылындағы үйлерінен шығып, жоғалып кетті.
Іздеушілер мен құтқарушылар балалар аса қатпаған мұзда ойнауы мүмкін деген болжам бойынша іздеу жұмыстарын жүргізген болатын.
Бірнеше күн бұрын жоғалған Әлихан мен Жанболаттың денесі Перетаска өзенінен табылды.