Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тілеухан Әбілдаев балалардың әртүрлі жарақат алғанын айтты, – деп жазады baq.kz.
Әуе апаты кезінде тоғыз бала түрлі жарақатпен стационарлық ем алған. Дәрігерлер екі балаға жоғары технологиялық әдіспен операция жасаған.
Сондай-ақ, қазіргі таңда Алматы стационарында, Алматы көпсалалы ауруханасында және Нұр-Сұлтанда 16 адам ем қабылдап жатыр.
Нақтырақ айтар болсақ, №4 қалалық клиникалық ауруханада жеті адам, Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында (ЖШККА) екі адам, қалалық орталық ауруханада екі адам, Алматы көпсалалы ауруханасында екі адам және Нұр-Сұлтан қаласында тағы үш адам емделуде.
Ұшақ апатқа ұшыраған күні ауруханаға 52 науқас жеткізілген, оның 9-ы бала болған.
Еске сала кетейік, былтыр Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан Bek Air жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған еді. Ұшақ Алматы маңына құлап, 12 адам қайтыс болды.