Спортшының қазасынан соң, жарыс өтпейтін болды
Спортшының қазасынан соң, жарыс өтпейтін болды
154
оқылды

Жарыс жолында мотоциклден құлаған спортшыны тік ұшақпен ауруханаға жеткізгенмен, аман алып қалуға мүмкіндік болмаған, — деп жазады «Дакар – 2020» раллиінің ресми сайты.

«Дакар – 2020» раллиінің VIII кезеңі – мотоцикл және квадроциклмен жарыс өтпейтін болды.

Оған португалдық спортшы Паули Гонсалвештің қазасы себеп болып отыр. «Ұйымдастырушылар дүйсенбі күні Вади-эль-Давасир қаласының айналасында өтуі тиіс мотоцикл және квадроциклмен жарыстың VIII кезеңін өткізбейтін болды. Бұл шешім марқұмның рухына тағзым ету үшін қабылданып отыр» делінген ресми сайттағы хабарламада.

Айта кетейік, қайғылы оқиға «Дакар – 2020» жарысының 7-кезеңінде жарыс жолының 276-шақырымында болған.

40 жастағы Гонсалвеш мотоциклден құлап, ауыр жарақат алған. Оған медициналық көмек көрсету үшін тікұшақ шақырылып, аурухана жеткізілген. Бірақ португалдық спортшының өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.