Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады.
[caption id="attachment_112480" align="aligncenter" > Фото: Интернеттен алынды[/caption]«Киевте біздің елшілік қызметкерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасының болғанын растаймыз. Оған қатысты қызметтік тексеру жүргізіліп жатқанын, оның нәтижелері бойынша тәртіптік жазалау шаралары қолданылатынын хабарлаймыз. Біз жол ережесін бұзу туралы хаттаманы күтіп отырмыз», – деді Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі.
Әлеуметтік желіде 15 ақпан күні қазақстандық дипломатпен болған жанжал туралы видео жарияланды. Қазақстанның Украинадағы елшілігінің қызметкері жол ережесін өрескел бұзған.