Украина президентінің зайыбы коронавирус жұқтырып, ауруханаға түсті
Украина президентінің зайыбы коронавирус жұқтырып, ауруханаға түсті
168
оқылды
Украина президентінің зайыбы Елена Зеленская Киевте пневмония диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Укринформ агенттігі хабарлады. Агенттіктің хабарлауынша, Елена Зеленскаядан «COVID-19 табылған және оның жағдайы орташа ауыр деп бағалануда. «Елена Зеленская оттегі аппаратына қосылған жоқ. Жағдайы тұрақты», - делінген Президент кеңсесінің телеграмм каналында таратылған ақпаратта. Алайда, кеше Украина президент Владимир Зеленский мен оның балаларынан алынған COVID-19 сынамаларынан ауру анықталған жоқ. Еске салсақ, Украинада коронавирус жұқтырғандар саны 30 мыңнан асып кетті.