Жаңадан ашылған Түркістан әуежайы қаңырап бос қала ма?
Жаңадан ашылған Түркістан әуежайы қаңырап бос қала ма?
348
оқылды

Мұны облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы растады. Бұл туралы AstanaTV хабарлады.

Басқарма басшысы Ролан Ибрагимов бұған жолаушылардың аз болуы себеп екенін айтты. [caption id="attachment_116696" align="alignnone" width="1200"]Әуежай ©А.Ахметқазы[/caption]

Түркістан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов: «Qazaq Air мен Scat-тың ұшақ бортының толуы – 50 пайыз, 42 пайыздың көлемінде. Ал Fly Arystan 92-100 пайыз толады. Сол себептен олар қазір уақытша ұшпай қойды. Қазір тек қана Fly Arystan ұшып жатыр», – деді.

Мәселен қаңтарда 10-нан астам рейс ұшпаған. Оған тұманды ауа райы себеп болған. Осының салдарынан жолаушылар билеттерін кері тапсырыпты.

Түркістан халықаралық әуежайы былтыр желтоқсан айында ашылды. Сол кезде әуежайға үш бірдей компания қызмет көрсеткен еді. Бірақ қаңтарда соның екеуі өз қызметін тоқтатты. Бүгінгі күні Түркістаннан Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына ғана әуе рейстері қатынап жатыр.

[caption id="attachment_116698" align="alignnone" width="1200"]Әуежай ©А.Ахметқазы[/caption]  width=  width=