Мектеп оқушысы ересек азаматты өлтірді
Мектеп оқушысы ересек азаматты өлтірді
310
оқылды

Шымкенттегі «Ынтымақ-2» шағынауданында 9-сы­ныптың оқушысы 42 жастағы азаматты өлтірді. Жасөспірім қо­лына ілінген таспен ересек адамды ұрып, сұлатып тү­сірген.

Қылмыс жөнінде хабарлама түскен таңғы уақытта полиция қызметкерлері оқиға орнына келіп, мәйітті қарау барысында марқұмның бет сүйегі сынғанын, басының оң жақ бөлігі зақым­данғанын анықтайды. Қыл­мыстық кодекстің 99-бабы бо­йынша қылмыстық іс қоз­ғалды. Жедел іздестіру шара­лары бары­сында қылмыс жасауға қатысы бар деген күдікпен Шым­кент қаласы №55 орта мектептің 9-сынып оқу­шысы ұсталды. Жасөспірім кісі өлтіргенін мойын­дады. Мектеп оқушысының қаты­гездікпен кісі өлтіру дерегі бойын­ша әзірше не мектеп басшылығы, не білім саласына жауапты басқар­ма басшылығы тарапынан түсінік­теме берілген жоқ. Бас прокуратураның Құқық­тық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің дерегі бойынша, 2020 жылы Шым­кент қаласында  кәмелетке тол­мағандар  151 қылмыстық құқық­бұзушылық жасаған. Оның ішінде  мектеп оқушыларының қатысы бар қылмыс саны  – 89. Кәмелетке толмағандар жаса­ған қылмыстық құқық­бұзушылық ретінде көбіне ұрлық, бұзақылық, топтасып төбелесу, дене жара­қатын салу деректері тіркеліп отыр­са, биылғы жылды жас­­өс­пірімдер кісі өлтіруден бас­тап отыр.

Назгүл НАЗАРБЕК, Шымкент қаласы