Шетелдіктерді жұмысқа алу 40 процентке қысқарды
Шетелдіктерді жұмысқа алу 40 процентке қысқарды
5,215
оқылды

Қазақстанда шетелдік жұмыскерлерге арналған квота 40%-ға қысқартылды, –деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

«Қазақстанда еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берілген шекті саны 2020 жылға республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 29 292 бірлікті немесе 0,32%-ды құрады.

Квота 2019 жылы бекітілген санымен (48 700 бірлік) салыстырғанда 40% – ға, оның ішінде 3 санат бойынша (мамандар) – 37%-ға және 4 санат бойынша (білікті жұмысшылар) – 23%-ға қысқартылды» делінген ресми хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары 4 санат бойынша шетел жұмысшыларынан толықтай бас тартып, жұмыс берушілердің сұранысын жергілікті мамандармен толықтыруды жоспарлап отыр.

«Квотаны қабылдау ішкі еңбек нарығын білікті емес шетелдік жұмыс күшінен қорғауға, қазақстандық кадрларды көбірек жұмысқа орналастыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жұмыс берушілердің білікті шетелдік жұмыс күшіне деген сұранысы толықтырылады» делінген министрлік хабарламасында.