Ұлттық қауіпсіздік комитеті Youtube-те видео жариялады. Роликті бір күнде тоғыз мыңнан астам адам көрген.
Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті видеоүндеу жариялап, күдікті азаматтар туралы дер кезінде ақпарат беруге шақырды, – деп хабарлайды sputniknews.kz.
Бұл терактінің алдын алуға мүмкіндік береді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Youtube-тегі жеке парақшасында «Сіздің қырағылыңыз терактінің алдын алуға мүмкіндік беруі мүмкін» деген тақырыппен видео жариялады.
Видеода қара киім киген ер адамның қала ортасында полиция көлігінің нөмірін жасырын түсірмек болған сәті көрсетілген. Кейін ол радиация белгісі бар канистрді өзімен бірге автобусқа алып кіреді.
Ал екінші кадрда ер адам қара рюкзакты қоғамдық орында тастап кетеді.
«Күдік тудырмай ма? Мүмкін, бұл туралы айту керек шығар?», – делінген роликте.
Видеоның соңында дер кезінде берілген ақпарат терроризм актісінің алдын алуға мүмкіндік беретіні жайлы айтылған.
https://youtu.be/VZ-UFsp7hGo