Екі өңірде ескерту жарияланды
Екі өңірде ескерту жарияланды
5,115
оқылды

Синоптиктер ауа райының бұзылуына байланысты тағы екі өңірде ескерту жариялады, – деп хабарлайды Қазгидромет.

«14 қаңтарда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, баяу бұрқасын жүруі ықтимал. Күндіз оңтүстік-батыстан 15-20 м/с соғады. 14 қаңтарда Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, екпіні 18 м/с артады», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Ақмола, Қостанай облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында ауа райына байланысты ескерту жарияланды.