– Қойылатын талаптар қарапайым, азаматтарға бұл машиналарды заңдастыруға мүмкіндік берілді. Сондай-ақ утилизациялық төлем мен кедендік баж салығын төлеуге бір жыл мерзім беріледі. Ол автокөліктерге арнайы сериялы нөмірлер беріліп, тіркеу куәлігіне осы көлікті тіркеу шарттары туралы тиісті белгі қойылады, – деді ол. Аталған көліктерді ІІМ мәліметтер базасына тіркеу Қазақстанда қанша көлік жүр генін анықтауға мүмкіндік береді. – Егер бір жыл ішінде азамат қандай да бір себептермен тіркелмеген жағдайда, ол көлігін елден шығаратын болып шешсе, тіркеу есебінен алып тастамаймыз. Шектеу болмайды. Ол сары нөмір мен техникалық құжатын шешіп, өткізуге құқылы. Оған оның ескі нөмірін қайтарып береді, осылайша ол көлігін елден шығара алады. Бірақ Қазақстанда 2021 жылдың 1 наурызынан бастап мұндай көліктер жүре алмайды, – деді М.Қожаев. Айта кетейік, 24 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 1 ақпанына дейін қазақстандықтар ЕАЭО-дан елге жеткізген көліктерін бір айдың ішінде бір реттік тәртіппен жеке қолдануына уақытша тіркеуге қою мүмкіндігін беруді тапсырған болатын. Тіркеу 2021 жылдың 1 наурызына дейін жарамды. Дастан ДУМАНҰЛЫ«18» саны жазылған сары нөмірді алу үшін көлік иелері Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығына бірнеше құжат ұсынуы керек. Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаевтың айтуынша, ол – жеке куәлік, бұрынғы мемлекеттік немесе транзиттік нөмірі, тіркеу туралы куәлік, меншік құқығын растайтын құжаттар, сондай-ақ алғашқы тіркеу үшін төлем және мемлекеттік нөмір үшін төленген ақшаның түбіртегі.
«18»: сары нөмірдің сыры

217
оқылды
оқылды