Берік Уәли Clubhouse-де пайда болған Тоқаевтың аккаунтына қатысты пікір білдірді
Берік Уәли Clubhouse-де пайда болған Тоқаевтың аккаунтына қатысты пікір білдірді
157
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли Clubhouse әлеуметтік желісінде пайда болған Президенттің атымен байланысты аккаунттарға пікір білдірді.  "Clubhouse әлеуметтік желісінде Қазақстан Президентінің атымен байланысты бірқатар жалған аккаунт пайда болды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл платформаға тіркелмегенін ресми түрде хабарлаймын. Мемлекет басшысының Твиттерде @TokayevKZ және Инстаграмда @Tokayev_Online деген екі ғана аккаунты бар екенін тағы да ескерткім келеді", – деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.