Көшедегі қате жазулар реттеледі
Көшедегі қате жазулар реттеледі
143
оқылды

Мәжіліс келесі сәрсенбіде көрнекі ақпарат мәселелері туралы жаңа заң жобасын талқылайды. Бұл туралы Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Палата бюросында анықталды. Отырыста палатаның алдағы жалпы отырысының күн тәртібінің жобасы түзілді.        

Алдағы аптадағы жалпы оты­рыстарында депутаттар қарауына көрнекі ақпарат мәселелеріне қатысты  заң  жобасы бірінші оқылымда ұсынылады. Заң жо­­­басы орфография нормаларын және аударманың тең түпн­ұс­қалығын сақтау бойынша та­­лаптарды белгілеу арқылы де­­ректемелер мен көрнекі ақ­паратты орналастыру мәсе­лелері туралы заңнаманы одан әpi жетілдіруге бағытталған. Сонымен қатар жалпы оты­рыста Мәжіліс бірқатар ха­лық­аралық келісімдерді рати­фи­­кациялайтын заң жобаларын қарайды. Олардың арасында Қа­зақстан мен Солтүстік Ма­ке­дония арасындағы адам­дарды ұстап беру туралы шартты және сотталған адамдарды беру туралы шарттарды ратификациялау ту­ралы заң жобалары бар. Депутаттар назарына екінші оқылымда Әкімшілік құ­қық­бұзушылық туралы кодекске және сот жүйесін жаңғырту мә­селел­еріне түзету енгізу туралы заң жобалары ұсынылады деп күтілуде. Сондай-ақ алдағы жалпы оты­рыста Мәжілістің ко­ми­тет­тері бір­қатар заң жобасын қа­райды. Атап айтқанда, Пар­ламентке дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу инс­титуттарын дамыту мәселелері, ЕАЭО туралы шартқа Арме­нияның қосылуы туралы хатта­маны ратифи­­­ка­циялау, сондай-ақ ЕАЭО ту­ралы шартқа Қырғыз Респуб­ли­ка­сының қосылуына бай­ланысты бірқатар ха­лы­қара­лық құжатты ратифика­ция­лауға қатысты заң жобалары енгізіліп отыр.

Айхан ШӘРІП