Қызылордада бір отбасы газға уланып қалды
Қызылордада бір отбасы газға уланып қалды
175
оқылды

Қызылорда қаласында бір отбасынның бес адамы көмірқышқыл газына уланды.

Оқиға 19 ақпанда сағат 05.23-те облыс орталығындағы Қаржаубаев көшесіндегі жеке тұрғын үйде болды. Үйдегі газбен суды жылыту қондырғысынан ақау шығып, газ содан тараған.

«Оқыс оқиғадан бес адам уланып қалды. Олардың төртеуіне алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, үйіне қайтарылды. Ал 1996 жылғы бойжеткен ауруханада ем қабылдап жатыр», –  деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Руслан Қайрақбаев.

Оның айтуынша, облыста өрт оқиғасының жиі шығуы да алаңдатады. Жыл басынан бері облыста осындай 66 дерек тіркелген. Ол былтырғы жылмен салыстырғанда 34 пайызға көп. Салдарынан бес адам көз жұмып, 9 адам жарақат алған.