Қазақстанда «қызыл» аймақта тұрған өңірлер жоқ – ДСМ
Қазақстанда «қызыл» аймақта тұрған өңірлер жоқ – ДСМ
118
оқылды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 20 ақпанда жариялаған өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, елімізде бірде-бір облыс «қызыл аймақта» тіркелген жоқ.

Бүгінгі матрица бойынша «сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр. Өзге өңірлердің барлығы – «жасыл» аймақта.

Өткен тәулікте республика бойынша 827 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Жалпы, еліміз бойынша COVID-19 вирусымен ауырғандар саны 206 652 адамға жетті.