Шығыс Қазақстан облысының басшысы Даниал Ахметов Қайнар ауылына жұмыс сапарымен барып, онда әлеуметтік маңызы бар нысандардың жай-күйімен танысты.
Arnapress.kz сайтының хабарлауынша, әкім аралаған әлеуметтік нысандардың қатарында Қайнар ауылындағы орталық аурухана да болған. Даниал Ахметов аурухананың күтімі мен қызметін сынға алды.
– Қараөлең ауылдық округінің 2500 тұрғынына қызмет ететін аурухананың жайы мәз емес. Дәрі сақталатын қарапайым жиһаздың есігі сынып жатыр. Өкініштісі, мейірбикелер оны жасырып әлек. Науқастар жататын бөлмеде су жоқ, есіктің тұтқасы түсіп, әрең ашылып, жабылады», – деді облыс әкімі.
Даниал Ахметов бюджеттен жөндеу жұмыстары мен қажетті құрал-жабдықтарды алуға қаражат бөлінетінін айтты. «Ультра-дыбыстық зерттеу құрылғысы ескірген екен, тез арада жаңасын алып беру тапсырылды. Денсаулық сақтау басқармасы, сондай-ақ, перзентхана ашу үшін жұмысты бастауы қажет», – деп жазды әкім Facebook-те.
[embed]https://youtu.be/TMWKd9PCFdc[/embed]