Ер адам 30 жыл бойы тау кезіп жүр
Ер адам 30 жыл бойы тау кезіп жүр
223
оқылды

Пешке тамақ дайындап, шөп шай ішіп, май шам жарығымен кітап оқып және балық аулап күнелтеді.

Алматы облысының тауларын 30 жыл бойы кезбе Владимир Белаков мекендеп келеді. Оның өмірі туралы InAlmaty.kz порталы әңгімелеп берді. 69 жасар Владимир үлкен Өсек өзенінің сол жағалауында бөрене лашықта тұрады. Ол төменге мүлде түспейді деуге болады. Бар араласатын адамдары – Көктал кентіндегі Қазан ғибадатханасының қызметкерлері. Олар жылына үш-төрт рет келіп Владимирдің жағдайын біліп тұрады.

"Владимир Белаков 1951 жылы Ресейдің Пенза облысында дүниеге келген. Жас кезінде ол әскерде қызмет етіп, лейтенант атағын алады. Кеңес Одағы ыдыраған жылдары Владимир әскерден оралды. Сол уақытта ол Жұбайымен ажырасқан, олардың ұлы бар. Кейін ол Қазақстанға келіп, ұзақ уақыт түрлі жерлерде жұмыс істеді. Жоңғар Алатауының тауларында флорасы өте бай, сирек кездесетін өсімдіктер бар. Бұл Владимирді қызықтырды және ол шөп дайындаумен айналыса бастады", - деп еске алады ғибадатхана басшысы иеромонах Аверкий.

Иеромонах Аверкий азаматты қайғы-қасірет, соның ішінде отбасынан айрылу мен Кеңес Одағының ыдырауы осындай қадамға баруға мәжбүр етті деп болжайды. Сонымен қатар, Владимир табиғатты жақсы көреді. "Владимирге дейін бұл жерде әжей өмір сүрді. Ол қайтыс болғаннан кейін үйін сел ағызып әкеткен болатын. Ал 1998 жылы Владимир осы маңға келіп, жаңа лашық салып алды. Содан бері төменге өте сирек түседі", - деді Казан ғибадатханасының басшысы. Жоңғар Алатауына келгелі Владимир лашығына шағын пеш салып, екі төсек, үстел, орындықтар мен қолжуғыш қойды. Сондай-ақ, қасиетті Серафим Саровскийдің құрметіне крест және күмбезі бар шағын шіркеу салды. Оның жанында кішкентай қонақ үй және құбыр жоқ монша бар.Мысалы, иеромонах Аверкий қызмет ететін шіркеу Владимир тұратын жерден 60 шақырым жерде орналасқан. Кезбенің мекеніне жазды күні жауын-шашын жоқ кезде көлікпен, немесе 10-12 сағат ішінде жаяу жетуге болады. Жақында шіркеудің төрт қызметкері Владимирге келіп, кері жолда адасып кетеді. Бақытымызға орай оларды құтқарушылар тапқан. "Кейде біз оған азық-түлік әкелеміз. Бірақ Владимир күліп бәрін кері алып кетуімізді өтінеді. «Үйде тамақ жетіп артылады», – деп үстіне бір қап қосып береді. Владимир бау-бақша өсіреді, балық аулайды, тауық бағады. Оның иті пен мысығы бар. Ол нан пісіруге үйренген. Етті сирек жейді", - дейді иеромонах Аверкий. Тауда тұрған жылдары оның аңшылар, шопандар мен ауылдықтар арасында көптеген достары пайда болды. Олар Владимирге дәрілік шөптер алуға, ақыл сұрауға келіп тұрады.