Полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзғандарға жаңа жаза ұсынды
Полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзғандарға жаңа жаза ұсынды
200
оқылды

Олар бұл жаңалықты шетел тәжірибесіне сүйене отырып енгізбек.

Нұр-Сұлтан полицейлері жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушілерді жаңаша жазалау әдісін ұсынды. Құқық қорғау органдарының пікірінше, тәртіп бұзушыларға айыппұлды баллдық жүйе бойынша салу қажет. Атап айтқанда: әрбір ЖҚЕ бұзушылығы, соның ішінде камералармен бекітілген бұзушылықтар үшін де ұпайлар қосылады. Балл лимиті асып кеткен жағдайда жүргізуші құқығынан айыру ұсынылады.

"Бізде адамдар қарапайым айыппұлдан қорықпайды, ал адамның жауапкершілігі болуы керек. Қазір бізде "сергек" бойынша жаппай тәртіп бұзушылықтар жүріп жатыр, адам ереже бұзды, айыппұл төледі және әрі қарай кете барады. Ешқандай өкініш жоқ, ешкім сабақ алмайды. Бір рет ереже бұзды, екінші рет және үшінші рет, бірақ содан кейін адамға салмақты жаза қолданылуы керек. Айыппұл төлеп қана тыныш жүре беруге болмады ғой", - деді Нұр-Сұлтан полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Бақытжан Малыбаев.

Осындай балл бойынша айыппұл жүйесі Украинада 2015 жылы енгізілген, ал осы жылдан бастап Арменияда пайда болды. Украина әрбір жүргізушіге жыл сайын 150 ұпай беріледі және әрбір елеулі жол ережесін бұзғаны үшін бірден 50 ұпайдан алынады.

Басылымның ақпараты бойынша, Арменияда әрбір жүргізушіге бір жылға тоғыз балл беріледі. Егер автоәуесқойлар бір жыл ішінде осы ұпайларды тауысса, алты айға жүргізуші құқығынан айырылады және үш айдан кейін теориялық емтиханды сәтті тапсырған жағдайда қалпына келтіре алады. Жүргізушілер бір бағытты көшемен қарсы бағытта жүргені немесе жылдамдықты межеден 31-50 км / сағ асырғаны үшін үш баллдан, мемлекеттік нөмірге қатысты қулық-сұмдықтар жасағаны үшін екі баллдан, ал бұрылу мен айналу кезінегі қателіктер мен жая жүргіншщілер өткелінде, жолайырықта ереже бұзғаны, басып озғаны, қауіпсіздік белдігін тақпағаны, рөлде отырып темекі шекені мен телефонмен сөйлескені үшін бір-бір балдан айырылады.

Басылым Парламент Сенатының депутаттары бұл мәселелерді ҮЕҰ-мен, ғалымдармен, содан кейін Парламентте әріптестерімен талқылауға уәде бергенін атап өтті. Егер баллдық жүйе бойынша айыппұл қоғамда оң пікір алса, халық қалаулылары заңнамаға өзгерістер енгізуді көздеп отыр.