Нью-Йорктегі қазақ-полицей жекпе-жекте жеңді
Нью-Йорктегі қазақ-полицей жекпе-жекте жеңді
200
оқылды

Нью-Йоркте полицей болып жұмыс істейтін 32 жастағы Димаш Ниязов 29 жастағы аргентиналық Джонатан Годойды жеңді.

Жеңіл салмақтағы жекпе-жек Майамиде (АҚШ, Флорида штаты) өтті. Кездесу жоспарланған алты раундқа созылды. Төрешілер бірауыздан жеңісті Ниязовқа берді.

Бұл жеңіс ол үшін кәсіби тұрғыдан – 14-ші, яғни, 2017 жылдан бері бірінші болды. Алдыңғы жекпе-жекте боксшы жеңіліп қалған еді. Сол кезде  Димаш бел омыртқасындағы жарақатына байланысты емделді. Артынан пандемияның кесірінен рингке шыға алмады.

Ал 29 жастағы аргентиналық профи рингте бес рет жеңген. Ол сегізінші рет жеңіліп тұр. Еске салайық, Димаш Ниязов Шымкентте дүниеге келген. АҚШ-қа бала кезінде көшіп кеткен.