Қанат Ислам қарсыласын нокаутпен жеңіп, WBO титулын қорғап қалды
Қанат Ислам қарсыласын нокаутпен жеңіп, WBO титулын қорғап қалды
134
оқылды
Майамиде (АҚШ, Флорида штаты) кәсіпқой бокс кешінде қазақстандық Қанат Ислам (27-0, 21 КО) мен эквадорлық Джейсон Минданың (14-3-1, 8 КО) жекпе-жегі өтті. Қазақ қарсыласын екі рет нокдаунға түсіріп жеңді.

Кездесу 10 раундқа жоспарланған, бірақ жетінші раундта аяқталды. Алғашқы секундтан бастап 36 жастағы қазақстандық басымдық танытты. Төртінші раундта Қанат Ислам эквадорлықты бірінші рет нокдаунға жіберді. Раунд өткен сайын Қанат қарсыласын тығырыққа тіреді. Жетінші раунда Минданың кезекті нокдаунынан кейін, төреші жекпе-жекті тоқтатып, жерлесіміздің жеңісін тіркеді.

Бастапқыда Қанаттың қарсыласы 33 жастағы ганалық Ободай Саи болуы керек еді. Бірақ кейін қазақстандыққа қарсы эквадорлық Джейсон Минда шығатыны анықталды. Қанат Ислам бір жылдан аса уақытқа созылған үзілістен кейін рингке оралып отыр. 2019 жылдың қазанында ол Алматыда намибиялық Уолтер Каутондокваны жеңіп, орта салмақтағы WBO International титулын қорғап қалған еді. https://www.youtube.com/watch?v=-iP7gzrwZeI