Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының Триатлон паркінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қысқы триатлоннан жекелеген жарыс өтті. «Супер спринт» қашықтығы бойынша кәсіпқойлар мен әуесқойлар арасында өткен жарыстың ұйымдастырушылары Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мен Нұр-Сұлтан қаласының триатлон федерациясы.
“Жарысты ұйымдастырудағы басты мақсат – спорт әуесқойлары мен салауатты өмір салтын ұстанушылар арасында триатлон, велоспорт, жеңіл атлетика және шаңғы спортын дамыту, салауатты өмір салтын насихаттап, халықты спортпен айналысуға шақыру”– деп атап өтті Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Ерғалиев.
“Қысқы триатлон жарысы өте жақсы өтуде. Барлығы жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Бұл жарысқа жылда қатысамын. Бүгін жүгірумен бастап, шаңғымен жарыс жолын аяқтадым. Өте қуаныштымын. Барша жастарды спортпен айналысуға шақырамын”– деді Байзақ Сағындықұлы.