Елордада қысқы триатлон жарысы өтті
Елордада қысқы триатлон жарысы өтті
266
оқылды

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының Триатлон паркінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қысқы триатлоннан жекелеген жарыс өтті. «Супер спринт» қашықтығы бойынша кәсіпқойлар мен әуесқойлар арасында өткен жарыстың ұйымдастырушылары Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мен Нұр-Сұлтан қаласының триатлон федерациясы.

[caption id="attachment_113164" align="alignnone" width="1024"]елорда ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Шараның салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сапиев, Нұр-Сұлтан қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Ерғалиев және Нұр-Сұлтан қаласы триатлон федерациясының президенті Биржанов Ержан Ерікұлы, «Тең мүмкіндіктер әлемі» қорының басшысы Нұргүл Ұлжекова қатысты. [caption id="attachment_113165" align="alignnone" width="1024"]елорда ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Жарысқа тек елордалықтар емес, сондай-ақ еліміздің әр өңірінен 200-ге жуық спортшы жиналды. Қатысушылар жүгіруден 2 шақырым, веложарыстан 3 шақырым, шаңғы жарысынан 2,5 шақырым қашықтықта бағын сынады. Қашықтықты белгіленген уақыттан кешіктірмей аяқтаған жеке жарыстың әрбір қатысушысы мәреде естелік медальдармен марапатталды. [caption id="attachment_113166" align="alignnone" width="1024"]елорда ©сурет интернеттен алынды[/caption] Жас санаттары бойынша I-II-III орын алған спортшылар 23-25 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласының триатлон федерациясының кеңсесінде арнайы марапатталады. Сондай-ақ іс-шараның қонақтары мен қатысушылары үшін қоғамдық тамақтану аймағы ұйымдастырылды.

“Жарысты ұйымдастырудағы басты мақсат – спорт әуесқойлары мен салауатты өмір салтын ұстанушылар арасында триатлон, велоспорт, жеңіл атлетика және шаңғы спортын дамыту, салауатты өмір салтын насихаттап, халықты спортпен айналысуға шақыру”– деп атап өтті Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Ерғалиев.

[caption id="attachment_113167" align="alignnone" width="1024"]елорда ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Жарыстың ең үлкен қатысушысы 62 жастағы Байзақ Талапнұр ұйымдастырушыларға алғысын білдірді:

“Қысқы триатлон жарысы өте жақсы өтуде. Барлығы жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Бұл жарысқа жылда қатысамын. Бүгін жүгірумен бастап, шаңғымен жарыс жолын аяқтадым. Өте қуаныштымын. Барша жастарды спортпен айналысуға шақырамын”– деді Байзақ Сағындықұлы.