Украина ұшағын атқандар қамауға алынды
Украина ұшағын атқандар қамауға алынды
83
оқылды

Бірақ қанша адам қамалғаны туралы ақпарат айтылмаған.

Иран билігі Украина халықаралық авиа желісіне тиесілі «Боинг» ұшағын атып түсіруге қатысы бар бірнеше адамды қамауға алды. Бұл туралы Reuters агенттігі Сот билігінің баспасөз хатшысы Гхоламхоссейн Эсмаилиге сілтеме жасап хабарлады.

Қамауға алынғандардың барлығының да қайғылы оқиға қатысы бар. Бірақ   қанша адам қамалғаны туралы ақпарат айтылмаған. Бұған дейін ирандық әскерилер ұшақты атып түсіргендерін мойындаған болатын.  

Ресми дерек бойынша, әскерилер ұшақты қанатты ракета деп ойлаған, ұшақ әскери базаға тым жақын ұшқандықтан екі бірдей ракета жіберген.

Әскерилер мойындауынан кейін Иранда бірнеше күннен бері мыңдаған студент қатысқан шеру жалғасып жатыр. Шеруге шыққандардың талабы – ұшақты атып түсіргендерді жазалау және саяси жүйеге реформа жасау.