Қарағандыда облыстық соттың судьясы тығылып той жасаған
Қарағандыда облыстық соттың судьясы тығылып той жасаған
175
оқылды

Қарағанды облыстық сотының судьясы Естай Исабеков анасының мерейтойын жасап, карантин талаптарын бұзған. Оны кезекті рейд барысында мониторингтік топ әшкереледі.

Бейнежазбадан Исабековтің тәртіп сақшысынан бетпердесін шешуді талап етіп, дөрекі сөйлескен. Отбасылық той жергілікті мейрамханалардың бірінде қаңтардың 23-і күні өткен. Мониторингтік топ карантин талаптарын бұзған бұл деректі осы кезге дейін жария етпеген. Тек аты-жөнін жасырған автор болған жайдың барлығын әлеуметтік желіге жүктеген.

Айтуынша, бұл үшін судьяға ешқандай әкімшілік жаза қолданылмапты және бұл жайт мамандандырылған ауданаралық соттың мәліметтер базасына да енгізілмеген.