«Қолжетімді баспана» құрылыс компаниясының бұрынғы басшысының үстінен қозғалған істің нүктесі қойылатын күн таяды.
Айыптаушы тараптың өкілі алдын ала тыңдалымда құрылыс компаниясының бұрынғы басшысын 22 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Ал үлескерлерді салымдарының тағдыры алаңдатады.
Тәжікстан прокуратурасының өкілі экс-басшы Нурулло Наимов пен құрылыс компаниясы өкілдерінің кінәсі толық дәлелденді деп санайды. Компания жетекшілерінің үстінен қозғалған іс бір жылға созылды. Бірер күнде сот ісіне нүкте қойылмақ.
Нурулло Наимов «Манзили дастрас» («Қолжетімді баспана») компаниясының клиенттері мен компанияға 2,7 млн доллар қарыз екен. Айыпталушы сот отырысында бұл қаржының орнын толтыруға уәде берген.
2013 жылы тұрғындар үшін қолжетімді баспана салатынын мәлімдеген компанияның алғашқы үлескерлері шарт бойынша 2015 жылдың қыркүйегінде баспаналы болуы тиіс еді.