Соғысқа қатысқандарға 1 миллион теңге сыйақы беріледі
Соғысқа қатысқандарға 1 миллион теңге сыйақы беріледі
146
оқылды

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге дайындық басталды, — деп жазады baq.kz.

Қарағанды қалалық әкімдік соғыс ардагерлеріне берілетін материалдық көмек мөлшерін айтты.

«Биыл Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 75 жыл толады. Қалалық іс-шаралар жоспарының жобасы дайындалды. 9 мамырда дәстүр бойынша «Мәңгілік алау» әскери Даңқ мемориалында еске алу митингі өтеді. Жеңіс саябағында мерекелік бағдарлама ұйымдастырылады», – деп хабарлады Қарағанды қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы Дархан Жиенбаев.

Ұлы Отан соғысына қатысушылар 1 миллион теңге көлемінде бір жолғы төлем алады. 

Сонымен қатар, ардагерлерге қамқорлық көрсету мақсатында «Ардағым – ардагерім» акциясы жалғасып жатыр. Жастар арасынан волонтерлер тазалау немесе жөндеу жұмыстарын жүргізу, тұрмыстық мәселелерді шешуге көмектесу үшін қарттардың үйіне барады.

Алдағы ақпанда кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 31 жыл толады. Жиенбаевтың айтуынша, жауынгер-интернационалистерге 100 мың теңгеден материалдық көмек төленеді.