Үш ай бұрын жоғалған ер адамның мәйіті шөп астынан табылды
Үш ай бұрын жоғалған ер адамның мәйіті шөп астынан табылды
140
оқылды
Ақтоғай ауданының бір ауылынан үш ай бұрын жоғалған ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлады Қарағанды облысы  ПД баспасөз қызметі.  Сейітқазы Тұрғамбаев өткен жылы 15 қарашада жоғалып кеткен. Оны туған-туыстары, полиция және еріктілер іздеп таппаған. Жақында тәртіп сақшылары оның мәйітін тауып алды. Ер адамның мәйіті бір мая шөптің астынан табылды. Сарапшылар оны басынан біреу ұрып өлтіргенін анықтады. Полиция қызметкерлері саусақ іздері арқылы күдіктіні анықтады. Ол 43 жастағы Ақтоғай ауданының тұрғыны болып шықты. Ер адамға ҚР ҚР 99 бабы "Адам өлтіру" бойынша айып тағылды. Күдікті жасаған қылмысын мойындады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда.