Дмитрий Баландин Қытайда «қола» иеленді
Дмитрий Баландин Қытайда «қола» иеленді
172
оқылды

Қазақстандық Дмитрий Баландин Қытайда Champions Swim Series кезеңінде «қола» иемденді, – деп хабарлады Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметінен.
«Шеньчжэнде (Қытай) халықаралық жүзу федерациясының (FINA) Champions Swim Series жарысының бірінші кезеңі басталды. Аталған додада қазақстандық спортшы Дмитрий Баландин 100 метр қашықтыққа брасс әдісімен жүзуден қола жүлдегер атанды. Ол 100 м қашықтықты 1:00.55 уақытта жүзіп өтті», – делінген хабарламада.
Жарыс нәтижесінде, Арно Камминга (Нидерланды) 58.61 уақытта бағындырып, жеңімпаз атанды. Күміс медальды 59.02 нәтижесімен Зибей Ян жеңіп алды.
«Бүгін, 15 қаңтар күні Баландин 200 м қашықтыққа брасс әдісімен жүзу бойынша сынға түседі. Дәл осы дистанцияда 2015 жылғы әлем чемпионы Маркус Кох (Германия), Еуропа чемпионы Арно Камминга (Нидерланды) және Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері америкалық Джон Прено қатысады», – деді ҰОК-нен.