АИТВ жұқтырған қанша бала бар?
АИТВ жұқтырған қанша бала бар?
139
оқылды
Қазақстанда АИТВ/ВИЧ жұқ­­­тырған 600-ге жуық бала мен жасөспірім бар. Бұл ту­­ралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау ми­­­нистр­­лігі хабарлады. ЮНИСЕФ де­­­регінше, Қазақстанда соң­ғы жылдары АИТВ жұқ­тыру және инфекцияның анадан балаға берілу жағдайлары азайды. Жалпы, халық арасында АИТВ-ин­­­фекциясының таралуы 1 000 адамға шаққанда 1,82, 15-19 жас топтары арасында 1 000 адамға 0,92-ды құрайды. Қазақстан БҰҰ-ның Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) бірлесіп, 2019–2021 жылдарға арналған «Қазақстанда АИТВ-инфекциясының эпидемиясына тартылған балалар мен жасөспі­­рімдер және олардың ата-аналары үшін психикалық-әлеуметтік қол­дау мен бейімдеуді дамыту» бағ­­дарламасын іске асыруда. Бұл жоба үш бағытты қамтиды: біріншіден, балалар мен жасөс­­­­пірімдерге арнап, әлеуметтік қыз­­­­­меттер бағдарламасын іске асы­­рады. Екіншіден, жұмыспен қамту орталықтары, ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жө­­ніндегі орталықтар, МСАК ұйым­дары, соның ішінде әлеуметтік қызметкерлер, педиатр, инфек­ционист, психолог мамандарының және бел­сенді ата-аналардың және қамқоршылардың әлеуетін ны­­­­ғайтпақ. Үшіншіден, бағдарлама экс­периментті оқытудың озық әдістерін пайдалана оты­рып, жас­өспірімдер мен жастар ара­­­­сында әлеу­меттік кәсіпкерлік дағ­­дыларын енгізуді көздейді. Жалпы, жоба аясында 40-тан астам іс-шара іске асырылды. Атап айтқанда, оқу орындарының бағ­дарламаларына арнайы білім беру модулін енгізу жоспары әзірленді. Бұл дәрігерлерді, психологтерді және әлеуметтік қызметкерлерді созылмалы аурулары бар бала­­­лармен сапалы жаңа деңгейде жұ­мыс істеуге дайындайды. АИТВ, БЦП, аутизм, қант диабеті және басқа да созылмалы ауруы бар балаларды әлеуметтік қолдау алгоритмдері бойынша үйде әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының 300 маманын даярлау жалғасуда. Жасөс­­­­­пірімдермен жұмыс істеу үшін 70-тен астам жаттықтырушы-ментор оқытудан өтті. Еңбек және халықты әлеу­­­меттік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов жоба аясында қазір «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, бизнес-инкубаторлар құрғалы жатқанын мәлім етті.

Ерік ЕРДЕНОВ