«Қазақстанда табысым жақсы еді». «Қайраттың» ойыншысы Еуропаға кету себебін айтты
«Қазақстанда табысым жақсы еді». «Қайраттың» ойыншысы Еуропаға кету себебін айтты
244
оқылды

Ол чемпионаттар айырмашылығын атап өтті.

Футболдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Георгий Жуков алматылық «Қайраттан» кетіп, Польшаның «Висла» командасына не үшін қосылғаны туралы айтып берді, – деп жазады Vesti.kz.
2017 жылдан бері «Қайратта» ойнаған футболшы өткен маусымның соңында Польша чемпионатына ауысуды жөн деп шешіпті.
«Келіссөз тез өтті. Ұзақ ойланған жоқпын. Клубтан да көп ештеңе талап етпедім. Қазақстанда табысым жақсы болды. Польша чемпионаты – мен үшін алға жылжу деп шештім. «Висланың» жарыс кестесінде нешінші орында екенін білемін, бірақ маған әр аптада жоғары деңгейдегі матч өткізу маңызды. Польша чемпионаты Қазақстан біріншілігіне қарағанда мықтырақ. Оған қоса оны еуропалық скауттар бақылайды. «Вислаға» кез келген жағдайда келуге әзір болдым. Тіпті ішер асым мен жатар жерімді ғана төлейміз десе де. Бұл футболшы ретінде менталды тұрғыда жаңаруым үшін қажет еді», – деді Георгий Жуков Sportdziennik басылымына берген сұхбатында.
Еске сала кетсек, осыдан үш жыл бұрын футболшы үшін Ресейдің «Урал» командасына миллион еуро төлеген «Қайраттан» Георгий Жуков Польшаға тегін ауысты.