Ресей қазақстандық сценарий бойынша жүрді – саясаттанушы
Ресей қазақстандық сценарий бойынша жүрді – саясаттанушы
91
оқылды

Ресей Федерациясы үкіметінің отставкаға кетуі «Қазақстандық сценарий» бойынша өтетін биліктің транзитіне дайындық кезеңі болады». Қазақстандық саясаттанушы Оразғали Селтеев осылай деді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Мен Ресей үкіметінің отставкаға кетуі және Президент Владимир Путиннің Федералды Жиналысқа жолдаған бүгінгі 16-шы жолдауы – бұл Ресейдегі билік транзитінің басталуы деп есептеймін, іс жүзінде дайындық кезеңі бүгін басталды. Жалпы алғанда, Ресейдегі ішкі саяси процестің белгілері бойынша, ол қазір негізге алынды және, мүмкін, билік транзитін өткізудің қазақстандық сценарийі жүзеге асырылады», – деген ойымен бөліскен сарапшы.

Оның айтуынша, қазір Ресейдегі жалпы иерархияда шешімдер қабылдаудың ең маңызды стратегиялық органы конституциялық мәртебеге ие болатын Мемлекеттік кеңес болады. Билік жүйесіндегі мәртебесі мен рөлі бойынша ол біздің Қауіпсіздік Кеңесіне ұқсас болады.

«Иә, Ресейде де Қауіпсіздік Кеңесі бар, ол бірдей функцияларды атқарады, бірақ жаңа заңға сәйкес Қауіпсіздік Кеңесінің өкілеттіктері кеңейгенін білесіздер, егер ол бұрын кеңесші болса, қазір бұл қауіпсіздікке қосымша сыртқы және ішкі саясаттың бағыттарын анықтайтын конституциялық орган», - деді О.Селтеев.

Сарапшының пайымдауынша, Ресейдегі процестер Қазақстанға ешқандай әсер етпейді.

Естеріңізге сала кетейік, Ресейдің премьер-министрі Дмитрий Медведев президенттің үкіметтің отставкасын жариялаған Федералды жиналысқа жолдаған жолдауынан кейін мәлімдеме жасаған болатын.

Бұған дейін президент Владимир Путин Ресей конституциясына түзетулер енгізуді ұсынған.