Қарағандыда адамды көлікке күштеп отырғызып, ұрлап кеткен
Қарағандыда адамды көлікке күштеп отырғызып, ұрлап кеткен
5,193
оқылды
Қарағандыда полицейлер қала тұрғынын ұрлап кеткен қаскүнемдерді ізін суытпай ұстады. 21 ақпан күні Қарағанды қаласы полиция басқармасының Михайловский полиция бөліміне бейтаныс адамдардың 34 жастағы ер адамды «Тойота» маркалы автокөлігінің салонына күштеп отырғызып, оны белгісіз жаққа алып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.
«Санаулы уақытта оқиға орнына Қарағанды қаласы патрульдік полициясының жақын маңдағы бірнеше жасағы келді. Полицейлер қала көшелерінің бірінде бағдардағы көлікті байқаған. Олар көлікті тоқтатқан. Онда екі күдікті – 25 және 33 жастағы ер адам, сондай-ақ ұрланған азамат болған», – деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Қаскүнемдер кінәларын мойындады. Ұсталғандардың айтуынша, жәбірленуші оларға қарызын қайтармаған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 125-бабы «Адамды ұрлау» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.