Өңірдегі экология мәселесін талқылады
Өңірдегі экология мәселесін талқылады
138
оқылды

«Nur Otan» партиясы Атырау облысының сайлауалды бағдарламасының «Жол картасына» сәйкес, «Жайлы аймақ» бағыты бойынша іс-шараларды жүзеге асыру, бақылау жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында жұмысшы топтың отырысы өтті.

 Жиынды «Nur Otan» пар­тиясы Атырау облыстық фи­лиалы төраға­сының бірінші орын­басары Нұрлыбек Ожаев жүргізді. Күн тәр­­тібінде ауа кон­денсациясы, жы­лыту және та­зарту жүйесінің 14 қон­дырғы­сын қазіргі эколо­гиялық та­лап­тарға сай жабдық­тармен ауыс­тыру және жылыту, өнеркәсіп объек­ті­лерінде жоғары қысымды кла­пан­­дарды жаңғырту бағдар­лама­сын жүзеге асыру мә­се­лелері қа­растырылды. Сондай-ақ 2021-2025 жылдар ара­лығындағы ірі өнд­і­ріс­­тік I-санат­тағы мұнай-газ кә­сіп­орын­да­рында, яғни «НСОС», «ТШО», «АМӨЗ» және тағы бас­қа ірі өндіріс орын­дарында ауа­ның құрамын онлайн режимде қа­да­ғалау жүйе­лерін орнату жұмыс­тарын бақы­лауға алу мә­селесі де басты жос­парға алынды. Жиын қорытындысы бойын­ша жұмысшы топ алдағы уақытта аталған бағытта іс-шаралар жос­парына сәйкес қоғамдық бақылау, мониторинг жүргізу және басқа форматта Атырау облысының эко­логиялық ахуалын тұрақтан­ды­ру бойынша жұмыс атқаратын болды.

Әбілмансұр ЖАСАН