Жамбыл: өңірлік дамудың үлгісі

Жамбыл: өңірлік дамудың үлгісі

Уақыт өлшемімен қарағанда азат 30 жыл аз болғанымен, жасалған жұмыстар есебімен есепті кезеңде егеменді еліміз дамудың даңғыл жолына түскенін аңғару қиын емес. Жамбыл облысы да әр он­жылдықта оң бағытқа бет бұрып, өңір экономикасы өрістей түсті. Жалпы, өңірлік өнім 10,8 миллиард теңгеден 1 триллион теңгеге артқан. Ал өнер­кәсіп өнім­інің өндіріс көлемі 2000-2020 жылдар аралығында 25,8 миллиард тең­геден 504,9 миллиард теңгеге өскен. Ин­дустриалық-ин­новациялық даму бағдарламасының аясында соңғы 5 жылда облыста құны 66,8 миллард теңгені құ­райтын 38 өндіріс орны пайдалануға берілген. Нәти­жесінде, 3 000 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік туған. Бұл тәуелсіздік жылдарында өндіріс саласы өрістеп, кә­сіп­керліктің көкжиегі кеңейгенін айғақтап тұр.

Алғашқы жылдардың қиындығы қандай болды?

Жасыратыны жоқ, Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін облыс қана емес, тұтас Қазақстан басы­нан қиын кезеңдерді өткерді. Бір кездері одақтас мемлекеттерді түрлі тауар­мен қамтыған зауыттар жабылып, жұмыссыздық белең алды. Бұқара бизнесті емес, күн­делікті күнкөрісін ойлайтын күйге түсті. Десе де, ел аумағында түрлі жоба жанданып, баянды бастама­лар Әулиеата то­пырағына да жет­ті. Кезінде қон­дырғылары тістеге­ннің аузында, ұстағанның қолын­да кеткен кә­сіпорындардың бо­йына қайта қан жүгіріп, ел мен өңір ертеңіне инвес­­торлар сенім арта бастады. Бір ғана мысал, 1999-2015 жылдар ара­лы­­ғында не­гізгі капиталға са­лынған инвес­тиция 81 есеге өсті. Сонымен бірге әлеуметтік нысандар, ин­женерлік және транспорт инфра­­құры­лымын дамытуға бюджет қар­жысының көлемі шамамен 209 есеге ұлғайды. Өндіріс саласының өрістеуі бюджет кірісінің табысы оң дина­микалық өсуге жағдай жасады. Тұр­ғындардың әл-ауқатының ар­туы мен жұмыссыздардың саны тұрақты төмендеді. 1998 жылы жұ­мыссыздық 14,2 пайызды құра­са, 2015 жылы 4,9 пайызға қыс­қарды. Халықтың же­келей ақша­лай табысы 2000-2015 жыл­дар ара­лығында 12,6 есе кө­бейіп, ор­та­ша жалақы мөлшері 10 есе­г­е ұл­ғайды.

Кейінгі жылдардағы көрсеткішке көз салсақ

Кейінгі онжылдықта өңір өн­дірісі адам танымастай өзгерді. Әсі­ресе, былтырғы табысымыз то­­лайым. Өткен жылы облыстың өнер­­кәсіп кәсіпорындары 504,9 миллиард теңгеге өнім өндірсе, 2019 жылмен салыстырғанда нақ­ты көлем индексі 103,1 пайыз болды. Тараз қаласының кәсіп­орын­дары 2020 жылдың қаңтар-жел­­тоқсан айларында 287 071 мил­лион теңгенің өнімін шығарса, ал­дыңғы жылдың тиісті кезеңімен салыс­­­тырғанда көлем индексі 101,2 пайыз­ды көрсеткен. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 344,5 мил­­лиард теңгені құраса, мұнда да 2019 жылмен салыстырғанда 12,7 пайыз­дық өсім бар. Облыста 2020 жылдың 1 жел­­­тоқсанына 85 407 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркеуге алынып, бүгінде оның 68 700-і тұрақты жұмыс істеп тұр. Олардың көмегімен былтыр 193,6 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, өсу көр­сеткіші 109,2 пайызды діттеген. Ал ең бастысы, шағын және орта биз­­­­нес субъектілері 124 748 адамды жұмыс­пен қамтыған.

Мемлекеттік бағдарламалардың бергені мол

Облыста «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы жүзеге асырылғаннан бері жалпы сомасы 75,5 миллиард теңгені құрайтын 203 жоба бойынша жұ­мыстар жүргізілсе, бүгінде оның 73,6 миллиард теңге болатын 154 жобасы мақұлданған. Ал 49,5 миллиард теңге тұратын 143 жоба қаржыландырылған. Бағ­­­дар­­лама аясында 2 791 жұмыс ор­­­нын құру, өндірісті 83,4 миллиард теңгеге арттыру және салық түсім­­­дерін 7,9 миллиард теңгеге ұлғайту жос­­­пар­ланып отыр. «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы қолға алынған уа­қыттан бері барлық қаржы құрал­­­­дары арқылы жалпы сомасы 130,1 миллиард теңгені құрайтын 2 426 жоба жүзеге асты. 2020 жылы жалпы сомасы 24,0 миллиард теңгені ме­­­желейтін 638 жоба қолға алынса, 2019 жылы 9,1 миллиард теңгеге 420 жобаға «жан біткен». Соның ішінде «Өндірістік инфра­құрылымды да­­мыту» құралы бойынша былтыр 448,6 миллион теңгеге 2 жоба қаржы­ландырыл­ған. «Гранттық қаржыландыру» те­тігі бойынша өткен жылы 171 миллион теңге тұратын 45 жоба да жүйесін тауып отыр. 2021 жылы «Еңбек» бағдар­­­­­ламасы шеңберінде 616,1 миллион теңгені игеру көзделсе, былтырғы жылмен салыстырғанда қаржы кө­лемі 48 пайызға артқан. Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуының 2015-2019 жылдарға арналған мемле­кеттік бағ­­­дарламасы аясында об­лыста жалпы құны 52 миллиард тең­гені құрайтын 31 инвестиция­лық жоба жүзеге асы­рылса, құ­рылыс кезінде 2 078 және іске қо­сылу кезінде 1 969 тұрақты жаңа жұмыс орындары ашылған. Бұдан бөлек, респуб­­­­ликалық карта бойынша 16,7 мил­лиард теңге бо­ла­­тын 2 инвести­­циялық жоба іске қо­сылған. Биыл аталған бағдар­лама аясында 15,9 миллиард тең­гелік 12 жоба жан­­­данып, 849 жұ­мыс орны ашылады деп жоспар­ланып отыр . Міне, Жамбыл облысы осы­лай­­ша тәуелсіздігіміздің алғашқы жыл­­­дары­нан мемлекетіміз ұстан­ған ба­ғытынан таймай, ең әуелі эконо­­миканы қа­­рыш­­­татуға күш салды. Бір ғана «Қаз­фосфат» ЖШС бүгінде Орталық Азия­да ба­ламасы жоқ өндіріс орнына ай­на­лып отыр. Ал онда өндірілген сары фосфар тыңайт­­­­­­­қышы Қытай мем­лекетінен бастап Жапонияға дейін экспорт­­талуда. Бұ­дан бөлек, ауыл шаруа­шылығы, құрылыс, бі­лім, медицина, мәдениет, спорт сынды әлеуметтік бағытта да жа­салып жат­қан жұ­­­мыстар аз емес. Ал кейінгі жыл­­дың бедерінде Тараз қаласы то­тыдай түрленіп, туристік кластер көш ілгері дами түсті. Сон­дай-ақ өңір балық, бал шаруа­шылығы сынды тың бағытта да баян­ды бастамалар көте­­ріп, инвес­тиция көлемін де есе­леп арттыруда. Бұл, әрине ең бірінші тұр­­­­ғындар­дың тұрмысын түзеп, әлеу­­меттің әлеуетін арттыратыны анық. Әрине, егеменді еліміз отыз жыл­дың бедерінде қанатын қатай­тып, биікке ұмтылған жас қырын болған­­дықтан, алда әлі талай қиын­­­дықтар мен белестер тұрғаны анық. Десе де, небәрі ширек ғасырдан астам уақытта осындай толайым та­бысқа қол жет­кізген мемлекетіміз алдағы онжыл­дықтарда бұдан да биік шың­дарды бағындыратынына бек се­німдіміз.

Саятхан САТЫЛҒАН, Жамбыл облысы