Алматыда әйелдерді тонап келген қарақшы ұсталды
Алматыда әйелдерді тонап келген қарақшы ұсталды
5,107
оқылды

Қылмыскер қаланың орталық көшелерінде өзі жалғыз әрекет еткен.

Алматыда полиция түнде әйелдерге шабуылдайтын қарақшыны ұстады, деп хабарлайды zakon.kz Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қылмыскер қаланың орталығындағы көшелерді қарауылдап, түнде әйелдерді аңдыған. Бірінші жағдай 2019 жылдың 20 желтоқсанында Желтоқсан көшесінде болған. Түнде ер адам жәбірленушіге жақындап келіп, оны пышақпен қорқытып, 236 мың теңгесін тартып алған. Ал 2020 жылдың 11 қаңтарында қасқой көлік тізгіндеген әйелді қармағына түсірген. Ер адам одан 70 мың теңге пайда көрген. Аталған фактілер бойынша, тергеу бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады», – делінген хабарламада.

15 қаңтарда қарақшыны Алмалы ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері ұстады, ол 1981 жылы туған азамат екені анықталды.