Елбасы көңіл айтты
Елбасы көңіл айтты
128
оқылды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Социалис­тік Еңбек Ері, қоғам қайраткері Ибрагим Жаңғоразовтың дүниеден өтуіне байланысты ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтты.

«Ибрагим Дәуітұлы ерекше еңбекқорлығы мен қабілет-қарымының арқасында қарапайым зоотехниктен ірі өндіріс компаниясының басшысы, сайлаушылар сенімін арқалаған депутат лауазымына дейінгі өнегелі жолдардан өткен абзал азамат еді. Ол еліміздің өсіп-өр­кен­деуіне, егін және мал шаруашылығының да­муына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақ-бірліктің нығаюына көп еңбек сіңірді. Жемісті қызметі жоғары марапаттармен атап өтілді.

Оның ғибратты ғұмыры ұрпақтарына әр­дайым үлгі болып қала береді деп ойлаймын», – делінген жеделхатта.