Соңғы екі аптада коронавирус жұқтырғандар саны 1,2 есеге төмендеді - Ерлан Қиясов
Соңғы екі аптада коронавирус жұқтырғандар саны 1,2 есеге төмендеді - Ерлан Қиясов
93
оқылды
Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов елімізде коронавирус жұқтыру деңгейі төмендегенін айтты.
«Соңғы екі аптада елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 1,2 есеге төмендеді. Эпидемиологиялық жағдайдың матрицасына сәйкес, Қазақстан соңғы екі апта бойы «жасыл» аймақта тұр. Бүгінгі күні «қызыл» аймақта тұрған өңір жоқ», - деді Е. Қиясов брифингте.
Оның айтуынша, «сары» аймақта – 5 өңір (Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы) бар.
«Қалған 11 өңір «жасыл» аймақта орналасқан», - деді вице-министр.