Жол-көлік оқиғасы неге азаймай тұр?
Жол-көлік оқиғасы неге азаймай тұр?
791
оқылды
Бұл 2016 жылғы көрсеткіш. Жол-көлік оқиғасынан 2019 жылы қайтыс болғандар саны 2000-ның шамасында. Ал өткен жылы республика бойынша 13 515 ЖКО тіркелді. Зардап шеккендер саны − 19 841 адам (2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 19,3%-ға аз – 24 585), оның ішінде 17 844 адам жараланды. Қайтыс болғандар саны −1997 адам. Зардап шеккендер арасындағы кәмелетке толмағандар саны – 3140. жол-көлік оқиғасы (4)   Белгілі болғандай, жол оқиғаларының негізгі бөлігі елді-мекендерде орын алады. Былтыр жалпы жол-көлік оқиғаларының 74,6%-ы елді-мекендерде орын алған екен. Статистикалық көрсеткіштерге сәйкес, ЖКО-ның 86%-дан астамы, яғни, 11 717 оқиға жүргізушілердің кінәсінен болған. Оның ішінде 544 жағдайда жүргізушінің алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде болғаны анықталған.   Жол-көлік оқиғаларының ішінде көліктер соқтығысып, салдарынан қаза болғандардың үлесі 36%-ды құрайды. жол-көлік оқиғасы (1)   Жолдағы апат кезінде тіркелген өлім фактісінің 65%-ы жаяу жүргіншіні қағып кету оқиғасымен байланысты. Былтыр елімізде осындай оқиға салдарынан 1298 адам қаза болған. Былтыр жол қозғалысы ережелері немесе жол белгілерімен белгіленген жылдамдықтың артуынан 3732 ЖКО тіркелген.   жол-көлік оқиғасы (3)   Дүниежүзілік жол қауіпсіздігі қорының мәліметінше, елдегі соңғы статистикалық мәліметтерге сәйкес, 100 мың тұрғынға шаққанда жылына 17,6 өлім тіркелген. Бұл көрсеткішпен жалпы рейтингте Қазақстан шамамен ортада. Алайда Қазақстанның жол қауіпсіздігін жақсартуға әлеуеті зор. Себебі, облыстарға бөлінген бюджет жолдарды жөндеуге жеткілікті деп санайды аталған қор сарапшылары. Десе де, сапалы жол апат санын азайтудағы негізгі шешім еместігін ІІМ былай түсіндіреді:
«Статистика бойынша 2019 жылы ЖКО-ның 33,6%-ы жылдамдықты арттыру салдарынан орын алған. Жалпы алғанда, тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда 12,5 мың шақырымнан астам автомобиль жолдары салынды және қайта жаңартылды, ал бірінші санаттағы жолдар - 2,8 мың шақырым. Бұл шамамен үш мың шақырым трассада жүргізушілер сағатына 140 шақырымға дейін жылдамдықты асыра алады деген сөз».
Жолдағы айтып келмейтін апаттың көбеюіне қазақстандықтардың темір тұлпарға сұраныстың артуымен де байланысты екенін айтады сарапшылар. Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметтері бойынша бүгінде алыс-жақынды жолға шығатын көліктер саны үш миллионнан асады екен. Осылайша, орта есеппен 100 қазақстандыққа 21 автомобильден келеді. Демек, әрбір бесінші адамда жеке көлік бар. Алматы жол апаты бойынша көшбасында   Былтыр республика бойынша қай өңірлерде ЖКО жиі орын алатыны белгілі болды. Алматы қаласы көшбасында. Оңтүстік астанадағы жол апаты жалпы ЖКО-ның 24%-ын құрайды.  Былтыр бұл қалада 3245 факті тіркелген. Зардап шеккендердің де үлесі жоғары − 3 891 адам. Келесі кезекте Нұр-Сұлтан қаласы − 466 ЖКО, Шымкент қаласында − 322 ЖКО тіркелді. жол-көлік оқиғасы (2) Өртенген көліктердің саны 2 мыңнан асады   Елімізде соңғы төрт жылда газ жабдығымен жабдықталған көліктерде 374 өрт тіркеліп, бес ер адам, екі бала қайтыс болған. Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккердің айтуынша, елде жыл сайын 2 мыңнан астам көлік өртенеді екен. Бұл жалпы өрт санының 20% -ын құрайды. Әлем елдері ЖКО-мен қалай күресті? Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2018 жылы жасаған мәліметтері бойынша, әлемде жол-көлік оқиғасынан жыл сайын 1,35 миллион адам қайтыс болып, 50 миллионға дейін адам жарақат алады. Көбінесе алған жарақаттан өмір бойы азап шегіп немесе мүгедек болғандар саны артқан. ДСҰ қорытындылары мынадай:
  • Әлем бойынша жол-көлік оқиғаларынан қаза тапқандардың саны жоғары деңгейде;
  • Жол-көлік оқиғасынан алған жарақат балалар мен жастар өлімінің негізгі себебі;
  • Әлемдегі жол-көлік оқиғаларынан болатын өлімнің жартысынан көбі жаяу жүргіншілер, велосипед пен мотоцикл жүргізушілерде жиі орын алады;
  • Жаяу жүргіншілердің шамамен 88% -ы ең төменгі стандартты бір және екі жұлдызды жолдарда жүреді.
  • 2020 жылы жолдағы өлім мен жарақаттануды екі есеге азайту жөніндегі SDG 3.6 мақсаты орындалмады;
Жол-көлік оқиғасы Жол-көлік оқиғасын азайту мақсатында жаңа жобаларды іске асырған елдер:
  • Қытай үкіметінің «жол қауіпсіздігі - өмірге қамқор болу бағдарламасы» және ChinaRAP бастамасы бойынша соңғы жылдары 250,000 км.-ден астам жол және шамамен 180,000 км. жолды жақсартты;
  • Аккра (Гана) және Аддис-Абеба (Эфиопия) қалалары Дүниежүзілік Банктің автомобиль жолдарының қауіпсіздігі жаһандық қоры арқылы Bloomberg Philanthropies қолдауымен жүргізілген iRAP бағалауы шеңберінде жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне арналған өтпелі жолдарға қомақты қаражат аударды;
  • Чилидің ақылы жол операторлары жолдардың сапасын бағалап, «3 жұлдызды» деңгейге дейін көтерді. Енді біртіндеп «4 жұлдызға» көтеруді жоспарлап отыр;
  • Аустралия үкіметі елдегі жолдардың 90%-ның сапасын жоғарылатқан. Нәтижесінде апаттар мен өлім-жітім 80%-ға төмендепті.