Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
Басты бет Қазақстан

Жаңартылған энергия көзі: электр энергиясы неге жыл сайын қымбаттайды?

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаевтың мәліметінше, биыл Қазақстанда қуаты 381,1 МВт болатын 23 жаңартылған энергия көзінің (ЖЭК) нысаны іске қосылады. Елдің энергия теңгеріміндегі жаңартылатын энергия түрлерінің үлесін 2020 жылы 3%-ға дейін жеткізу жоспары орындалды. ЖЭК үлесін 2030 жылы 10%-ға дейін, 2050 жылы 50%-ға дейін жеткізу көзделген. Елімізде 2017 жылы "жасыл" энергетикаға бағытталған EXPO көрмесі өтті.

Мейірім Бақытжанова
Ақпан 27, 2021
Қазақстан, Экономика
Жаңартылған энергия көз, ЖЭК

Фото: Informburo.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та экономиканы әртараптандыру және оның энергия сыйымдылығын төмендету шараларымен қатар, жасыл технологияларға көшудің маңызды екенін айтып жүр.

«Балама энергетикаға қолайлы жағдай туғызбасақ, біз әлемдік прогрестен артта қалуымыз мүмкін. Бұл мәселеде тартынуға болмайды. Мен балама энергетиканы дамытуға ерекше мән беремін. Бұл Қазақстанның болашағын айқындайтын аса маңызды сала», – дейді Президент ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында.

Қазақстанда «жасыл» энергетиканың дамуын Президент те, министр де, экологтар да, қоғам да – жалпы бәрі қолдайды. Бірақ Қазақстанда ЖЭК жобаларын іске асыру процесі 2009 жылдан бастап қолға алынса да, әлі күнге дейін Күннің, желдің, судың тағы басқа көздердің энергиясын толық пайдалана алмай келеміз. Мамандар Қазақстанның бұл саладағы қазіргі көрсеткіші жақсы деп баға бергенімен. 2015 жылдан бері Қазақстанда жасыл энергетикаға бөлінген инвестициялар 22 есеге өскен.

Оңтүстікте күн энергиясынан 300 МВт қуат өндіретін жобалар жүзеге асады

Оңтүстікте күн энергиясынан 300 МВт қуат өндіретін жобалар жүзеге асады

Қазақстанда жаңартылған және балама энергия көзі қалай өндіріліп жатыр? Қай өңірлер алда келеді? Елдің жаңартылған энергия көзіне көшуі экономика мен экологияға пайдалы болғанымен, тұрғындарға қалай әсер етеді? Aikyn.kz осы және өзге сұрақтардың жауабын іздеп көрді. 

Қазақстанда жаңартылған энергия көзінің қандай түрі көп өндіріледі?

ECOJER аймақтық экологиялық бастамалар қауымдастығының бас директорының кеңесшісі Дәурен Сағидолланың пікірінше, Қазақстанның ЖЭК саласындағы қазіргі көрсеткіші өте жоғары.

Оның мәліметінше, кейінгі алты жылда ЖЭК нысандарының қуаты 10 есеге өсті. 2014 жылы 178 МВт болса, 2020 жылы 1635 МВт-ға жетті.

Қазіргі уақытта республикада қуаты 1685 МВт болатын 116 ЖЭК нысаны жұмыс істейді:

– 29 жел электр станциясы, қуаты – 486 МВт ;

– 44 күн электр станциясы, қуаты – 962 МВт;

– 38 су электр станциясы, қуаты – 229 МВт;

–  5 биоэлектро станциясы, қуаты – 8 МВт.

Қазақстанның қай өңірінде ЖЭК көп өндіріледі?

Дәурен Сағидолланың айтуынша, жаңартылатын энергия көздерін аймақтарда орналастыру кезінде ол өңірдің ресурстық әлеуеті, электр энергиясына сұранысы, бірыңғай электр энергетика жүйесінің рұқсат етілген шекті қуаты мен инфрақұрылым дайындығы ескерілді.

«Бұл Қазақстанның біртұтас электр энергетика жүйесінің сенімді жұмысы үшін жаңартылатын энергия қуатының лимиттерін асырмауға мүмкіндік береді. Ең қуатты нысандар Алматы облысында (27 нысан- 263 МВт), Жамбыл облысында (11 нысан- 170 МВт) және Қарағанды облысында (6 нысан- 192 МВт) бар.

Жергілікті жерлерде инвесторларға Ақтөбе, Ақмола және Түркістан облыстарының әкімдіктері жиі қолдау көрсетеді»,– дейді ол.

Жаңартылған энергия көзі тұрғындарға қалай әсер етеді?

Қазақстанның біртұтас электр энергетика жүйесінің жүйелік операторы KEGOC компаниясының маманы Мадина Кенжинаның пікірінше, Қазақстандағы электр энергиясы жүйесінде ЖЭК үлесі көбейген сайын жүйеде тұрақсыздық болады.

«Энергожүйеде теңгерім сақталмаса, тұтынушылар электр энергиясынан ажыратылады. Бұл жердегі тұтынушыларға жеке тұлғалар емес, мектептер, аурухана, емханалар және тағы басқа ұйымдар жатады. Олар да белгілі бір кластарға бөлінген. Мысалы, ауруханаларда маңызды ота жасалуы керек болады, кей науқас тек аппараттың көмегімен жатуы мүмкін. Сондықтан мұндай кластағы тұтынушыларда электр энергиясы мүлде сөніп қалмауы керек. Ал ол үшін энергия жүйесі тұрақты болуы керек», – дейді ол.

Мадина Кенжина Назарбаев университетінде Энергетика мамандығында оқыған. Оның диплом жұмысы да Қазақстанның электр энергия жүйесіне ЖЭК әсерін анықтап, электр теңгерімін сақтайтын алгоритм құрастыруға бағытталған.

«Зерттеу жұмысымыздың қорытындысында электр жүйесіне ЖЭК қаншалықты көп қосылса, тұтынушыларға электр энергиясын беретін жүйе соншалықты тұрақсыз болатынын білдік. Себебі Күннің де, желдің де генерациясы үнемі бірқалыпты емес. Олар бірде болса, бірде жоқ. Сондай кезде жүйедегі теңгерім мен жиілігі бұзылады. Мысалы, ондағы жиілік бұзылса, аз дегенде 0,2-ге азайса да электр энергиясы автоматты түрде өшуі мүмкін. Жүйе автоматтандырылған, оны адам басқара алмайды», – дейді Мадина Кенжина.

Маманның айтуынша, электр энергиясы сөніп қалмауы үшін нақты алгоритм болуы керек. Ол алгоритмге дәстүрлі энергия көзі ғана емес, Күннен, желден, судан алынатын энергия көзі де кіреді. Қазақстанда қазірге дейін жаңартылған энергия көзінің жүйеге әсері зерттеліп жатыр.

«Мемлекеттік тапсырма бойынша, ЖЭК-тің саны жылдан жылға өсуге тиіс. Сондықтан ЖЭК-тің Қазақстан энергожүйесіне енгізу ауқымды мәселе. Ол әлі де көп зерттеуді талап етеді» – дейді ол.

Оның айтуынша, Қазақстанның оңтүстігінде генерация жеткіліксіз.

«Ол аймақтарда электр станциясы аз. Бірақ халық көп. Оларға электр энергиясы солтүстік өңірлердегі станциялардан жіберіледі. Солтүстіктегі станциялардың салынғанына да 30-40 жыл болған», – дейді маман.

ECOJER қауымдастығы бас директорының кеңесшісі Дәурен Сағидолланың айтуынша, жаңартылатын энергия технологиялары жыл сайын арзандап жатыр.

Халықаралық сарапшылардың бағалауынша, жел энергетикасы технологиялары орташа есеппен жылына 1-1.5%-ке, күн энергетикасы 7%-ке арзандайды. Тарифтің 70%-і технологиялардың құнына тәуелді болғандықтан, тиісінше ЖЭК-тен электр энергиясына арналған тариф біртіндеп арзандайтын болады.

«Ал дәстүрлі энергия көзі қымбаттайды, сәйкесінше көлік шығындары, өндіріс құны, теміржол тарифтері жыл сайын артып келеді. Осылайша, дәстүрлі энергия көзі мен ЖЭК бәсекеге түседі. Сол кезде ЖЭК-ке мемлекет тарапынан қолдау қажет болмайды және оның нарығында өзіне тән өндірушілері де болады», – дейді Дәурен Сағидолла.

Ол мұндай жағдайға Қазақстан 2025 жылдан кейін жететініне сендірді.

Әлемнің көптеген елі 2050 жылы жасыл энергияға толық көшеді

Стэнфорд университеті зерттеушілерінің дерегінше, әлем елдері 30 жылдан кейін толықтай баламалы энергия көзіне көшпек. Осылайша өндірістің зиянды түрлеріне деген әлемдік сұраныс 2050 жылға дейінгі уақытта екі есе қысқарады деген пікірде ғалымдар.

Жоспарды жүзеге асыру үшін 73 трлн доллар көлемінде инвестиция керек екен. Оның бір бөлігі жаңа технологияларды жасауға жұмсалады. Нақтырақ айтқанда, көліктен шығатын улы заттардың мөлшерін азайтуға арналған жабдықтар жасалып, өндірістің басым бөлігі жасыл энергия негізінде жұмыс істейтін болады.

Зерттеушілер таныстырған жоспарға сәйкес, мемлекеттер арнайы технологияны пайдаланады. Бұл өз кезегінде «климаттың өзгеруінің салдарын» болдырмауға көмектеспек.  2050 жылға қарай толықтай мұндай энергия түріне көшу іске асырылмайтындай болып естілгенімен, зерттеушілер тіпті оған дейін де қол жеткізуге болатынын алға тартып отыр.

 
Тегтер: ECOJERKEGOCбалама энергия көзіжаңартылған энергия көзіжел энергиясыЖЭККүн энергиясы
Алдыңғы жаңалық

Алматыда жанармай бекетін тонау сәті видеоға түсіп қалған

Келесі жаңалық

Петропавлда анасы ұрып-соққан қыз көз жұмды

Ұқсас жаңалықтар

вакцина, Қазақстан, коронавирус, ауру
Жаңалықтар

Қазақстанда 12 сәуірге дейін коронавирусқа қарсы вакцина салдырған адамдар туралы мәлімет жарияланды

Сәуір 12, 2021
пара, судья, Шығыс Қазақстан
Жаңалықтар

Шығыс Қазақстанда жұмыс кезінде ішімдік ішкен судьялар қызметінен кетті

Сәуір 12, 2021
ауа райы, тұман, жауын-шашын, жел, дауыл
Жаңалықтар

12 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Сәуір 12, 2021
Қарағанды
Жаңалықтар

Қарағандыда жоғалған адамды іздестіруге тік ұшақ тартылды

Сәуір 11, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Nur Otan Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің құрамын бекітті

Сәуір 12, 10:17

Қазақстан екі аптадан бері «қызыл» аймақтан шықпады – Алексей Цой

Сәуір 12, 10:05

Қазақстанда 12 сәуірге дейін коронавирусқа қарсы вакцина салдырған адамдар туралы мәлімет жарияланды

Сәуір 12, 09:39

Бір тәулікте қанша адам пневмонияға шалдықты?

Сәуір 12, 09:22

Автокөлікті жалға алып, бөлшектерін ұрлаған ер адам ұсталды

Сәуір 12, 09:08

Шығыс Қазақстанда жұмыс кезінде ішімдік ішкен судьялар қызметінен кетті

Сәуір 12, 08:31

Бір күнде 2300-ге жуық адамнан коронавирус анықталды

Сәуір 12, 08:10
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Nur Otan, жемқорлық, партия

Nur Otan Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің құрамын бекітті

Сәуір 12, 2021
коронавирус, ауру, науқас, Денсаулық сақтау министрі, Алексей Цой

Қазақстан екі аптадан бері «қызыл» аймақтан шықпады – Алексей Цой

Сәуір 12, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»