Қытай Қазақстанмен шекарасын жабады
Қытай Қазақстанмен шекарасын жабады
178
оқылды

Алдағы аптада Қытай халқының Жаңа жыл мейрамын атап өтуіне байланысты көрші ел Қазақстанмен шекараны уақытша жабады. Бұл туралы ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында Қытай тарапынан 22 қаңтардан 2 ақпанға дейін шекара жабық болады. Қалған «Нұр жолы», «Қалжат» өткізу пунктері 24 қаңтар мен 26 қаңтар аралығында, үш күнге жабылады», – деп мәлімдеді баспасөз қызметінен.

Басқа өткізу пунктері бойынша Қытай тарапы әлі ақпарат бермеген.

Биыл Қытайдың Жаңа жылы 25 қаңтарда аталып өтеді.

Айта кетейік, Шығыс күнтізбесі бойынша Қытай жаңа жылының нақты күні жоқ, сондықтан әр жылда әртүрлі күндері тойланады. Қытайлар Жаңа жылды айға қарап біледі, яғни, жылдың алғашқы айындағы бірінші толған ай түні Қытай халқының Жаңа жылы басталады. Бұл елдегі жаңа жыл он бес күнге созылады.