Қарағанды облысының жеке сот орындаушылары Қарағанды облысы Әділет департаментінің көмегі негізінде алимент бойынша міндеттерін орындамаған борышкерлерге қатысты қылмыстық жауапкершілікке тарту шараларын жүзеге асыруда. 2021 жылғы 8 ақпанда Қарағанды облысы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен борышкер А.Т.Асанов (фамилиясы өзгертілген) Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 139-бабына сәйкес кінәлі деп танылған. Үкім бойынша борышкердің 1 жылға бостандығы шектеліп, тағайындалған барлық мерзімге пробациялық бақылау қойылып, жаза мерзімі бойында 100 сағат мәжбүрлеп еңбекке тартылған. Борышкердің алимент бойынша берешек сомасы 3 250 021 теңгені құраған. Сотталған борышкер бірнеше жыл бойы кәмелетке толмаған балаларын асырау үшін алимент бойынша өз міндеттерін орындамаған.