Азаматтардың өтініші ескерусіз қалмайды

Азаматтардың өтініші ескерусіз қалмайды

«Nur Otan» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев азаматтарды қабылдады.

Қабылдауға келген азаматтардан бөлек министрмен тікелей эфир арқылы бірнеше өңірден тұрғындар байланысқа шығып, әрқилы мәсе­лелер бойынша сұрақтарын қойып, өтініштері мен шағымдарын қоса жеткізді. Министрмен тілдескен Маң­ғыстау облысының кәсіпкерлері облыс аумағындағы екі газ желісі ұйымының жұмысына наразы­лығын білдірді. Сонымен қатар олар жанармай құю бекетіндегі сұйы­тылған мұнай газының мак­симал бағасы 50 теңгеден аспауы керек еке­нін айтты. Бірақ көп­теген жанар­май құю бекеті оны еле­мей отыр­ғанын және литрінің бағасы 70 теңгеге жеткенін ашына айтты. Жеке кәсіпкерлер наурыз айы­нан бастап бір литр көгілдір отын­ның құны 80 теңгеге дейін өсетінін, тіпті одан да жоғары болатынына сенімді.  Өйткені шекті рұқсат етіл­ген баға алынып тасталған. Олар өз жорамалдарын 1 наурыздан бастап «Жанармай құю бекеттерінде авто­көліктерге жанармай құю үшін ТМД елдерінің бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы» бұйрығын тоқтату жоспарланып отырғанымен түсін­дірді. Өз кезегінде Энергетика ми­нистрлігінің өкілдері жоба келісіліп тіркелгенін және жақын арада оның БАҚ-та ресми жарияланатынын хабарлады. Өзге де кәсіпкерлер министрге бірқатар фактордың жанармай құю стансасындағы газдың қымбат­тауына ықпал ететінін, бүгінде жанармай құю бекеттерінің кейбірі толығымен жабылғанын да сөз етіп, себептерін айтып берді. Азаматтардың шағымдары мен ескертулерін тыңдаған Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев бұл мә­селені жеке бақылауында ұстай­тынын және бұған арнайы бақылау жасайтын жұмыс тобы құрылғанын да тілге тиек етті. Сондай-ақ қо­ғам­дық қабылдауды қорытын­ды­лаған министр азаматтардың барлық өтініші жан-жақты зерделеніп, мәселелерді шешу жолдары бойын­ша тиісті іс-шаралар қолға алы­на­тынын жеткізді. Айта кету керек, өткен жылы «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесіне еліміз бойынша 393,2 мыңнан астам өтініш келіп түсті, бұл 2019 жылмен салыстыр­ғанда 2 есе көп. Бұл ретте соңғы 5 жылда партияға 1,2 млн адам жү­гінді, оның ішінде 423 мыңнан астамы – онлайн-форматта. Олар­дың 92%-ы оң шешімін тапты, тегін консультативтік, құқықтық және өзге де көмек көрсетілді.

Әбілмансұр ЖАСАН