Еуразиялық экономикалық одақтың шарттарын қарайды
Еуразиялық экономикалық одақтың шарттарын қарайды
126
оқылды

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төраға­лы­ғымен Палата бюросы өтіп, онда алдағы жалпы оты­рыс­тың күн тәртібі нақ­ты­ланды.

Бюро отырысында депутаттар қа­рауына Еуразиялық эконо­микалық одақтың тауар және қыз­­­мет көрсету белгілері және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы шартты рати­фи­кациялау туралы заң жобасы ұсы­нылды. Шарттың мақсаты – тауар және қыз­­мет көрсету белгілеріне, тауар шы­ғары­­латын жерлердің атау­ла­­рына қ­а­тысты құқықтарды алу­дың өңірлік жүйе­сін құру. Сонымен қатар күн тәр­тібінің жобасында Еуразиялық эко­­номикалық одаққа мүше мем­­­­лекеттердің темекі өнім­деріне ак­циздер саласындағы са­лық сая­­сатын жүр­гізу қағидаттары туралы ке­­лі­сімді ра­­­тификациялау туралы заң жобасы бар. Бұл құжат темекі өнім­деріне акциз­дерді кезең-кезеңмен үй­лестіруді көз­дейді. Сондай-ақ алдағы жалпы оты­рыста депутаттар мик­роқар­жы­лық және кол­лекторлық қызметті рет­теу мәселелері бойынша түзе­ту­лерді екінші оқылымда қарай­тын болды.

Әбілмансұр ЖАСАН