Қазығұртта жүргіншілер көпірі жаңартылды
Қазығұртта жүргіншілер көпірі жаңартылды
177
оқылды

Түркістан облысында «Nur Otan» партиясынан мәслихатқа сайланған депутаттар тұрғындар тілегінің орын­далуына барын салып жатыр.

Жуырда Кентау қаласының тұрғындары Кентау-Байылдыр ба­ғытындағы автобустарды жаңарту, қызмет сапасын жақсар­ту жөнінде өтініш білдірсе, Қазы­ғұрт ауданы тұрғындары ескі кө­пірді жөндеуді сұарған еді. Бұл түйт­кіл мәслихат де­пу­­тат­тығына үміт­керлермен кездесулерде де қозғалған. «Nur Otan» партиясы Кентау қалалық фракциясының мү­шесі, депутат Ұлбала Мұсахано­ва жергілікті әкімдікке атал­­ған мәселе бойынша депу­тат­тық сауал жолдады. Нәтижесінде депутаттың ұсынысы қабылда­нып, автобус мәселесі шешілді. Бүгінде арақашықтығы 10 ша­қырымға жуықтайтын Кентау–Байылдыр бағытында 2 жаңа ша­ғын автобус жұмысқа кірісті. Автобустар 15-20 минут аралығында жүреді. Жол ақысы – 60 теңге. Тұр­ғындар дер кезінде өтінішке құлақ асып, мәселені шешуге мұрындық болған нұр­отан­дық депутаттарға ризашылық білдірді. Осылайша, сайлауалды бағдарламаның Жол картасы бойынша өңірде қоғамдық кө­ліктерді жаңғырту бағытындағы жұмыстар басталып кетті. Сондай ізгі істің бірі Түркістан облысы Қазығұрт ауданында ат­қа­рылды. Аудандық мәслихаттың жас әрі іскер депутаты Данияр Көбеев аудандағы Қонаев пен Жанысбеков көшелерінің қиы­лы­сындағы жаяу жүргіншілер көпірін өз қаражатына қайта жөндеуден өткізді. Жүруге қауіпті әрі ескі көпір жаңартылды. Қазығұрт ауданының бас имамы Мұрат Әлімбековтің бастамасын қолдаған жас депутаттың игі қа­дамын Түркістан облысының бас имамы Еркебұлан Қарақұлов та жоғары бағалады. Жалпы, Қазығұрт ауданында «Nur Otan» фракциясының депу­тат­тары өте белсенді жұмыс атқа­рып жатыр. Бұған дейін де мәс­лихат депутаттарының көмегімен бір­не­ше отбасыға нақты көмек көр­се­ті­ліп, өтініштер оң шешілді.

Әбілмансұр ЖАСАН