Сапалы стадион санаулы
Сапалы стадион санаулы
145
оқылды

Қазақстанда сапалы ста­дион­дар жеткіліксіз. Жыл сайын ішкі біріншілік бастал­ған тұста жасанды алаңдар ойын өткізуге жарамай, ко­ман­даларымыз жан-жаққа тен­тіреп, өзге аймақтарда доп тебуге мәжбүр болады. Тек мамыр келіп, жер аяғы кеңіген тұста ғана командалар сүйікті стадиондарына ора­ла­ды. Бұл – еліміздегі спорт­тық инфрақұрылымның дұ­рыс жолға қойылмаға­ны­ның анық дәлелі. Стадион­да­рдың заман талабына сай бол­мауы – футболымыз­дың ке­же­­гесін кейін тартып жүр.

Облыс орталықтарына ха­лықа­ралық стандартқа сай келетін стадиондар неге салынбайды?! Еуро­паның кейбір кішкене қала­ларында 8 000 адамдық стадион­дар бар. Ал жарты миллионнан ас­там халқы бар облыстарда 15-20 мың­дық орындық заманауи ста­дион салу әзірге арман болып тұр.

«Қайраттың» бұрынғы бас бап­­кері Владимир Вайсс тілші­лер­ге берген сұхбатында: «Сіз­дер менен «қазақстандық клуб­­­тар қашан Чемпиондар ли­га­­сының топтық кезеңінде ой­най­­­ды?» деп жиі сұрайсыздар. Егер ко­ман­даның Чемпиондар лига­сын­да ойнауын қаласаңыздар, ойынды Теміртаудағы алаң секілді жерлерде өткізуге болмайды. Бұл – ойыншылар үшін қауіпті. Теміртаудың стадионы ХІІІ ғасыр­ды еске салады» деп жауап бер­ген еді. Міне, ХХІ ғасырдағы қа­зақ футболының көрінісі. Жа­сыл алаңдардың сапасы туралы бұдан артық қандай сын керек?!

Ал Қазақстанды «екінші Ота­ны» санайтын Станимир Стой­лов қазақ футболында шешімін тап­паған мәселелер әлі де көп еке­нін айтады. Білікті бапкер, әсі­ре­се стадион, жасыл алаң, бала­лар бапкерлері, жалпы инфра­құры­лым­ның елімізде дұрыс жолға қойыл­ғанын қалайды.

Қазақстанда ұлттық құрама ойы­нын қабылдауға лайық 2 ста­дион ғана бар. «Астана арена» мен Алматының «Орталық стадио­ны». Қалған стадиондар ФИФА мен УЕФА талаптарының ең тө­менгісіне де сай келмейді. Елі­міз­дегі ең ірі, заман талабына сай жалғыз стадион «Астана аре­на» 2009 жылы пайдалануға бе­ріл­ді. Одан кейін стадион салу­ды доғардық. Енді міне, ұзақ жыл­ғы үзілістен соң Түркістанда жаңа стадион бой көтеретінін естіп қуанғанымызды несіне жасы­райық. Қазіргі кезде атал­ған өңірде УЕФА-ның ха­лықа­ралық талаптарына сай орта­лық стадионның құрылысы баста­лыпты. Нысан құрылысын «Самұ­рық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры жүргізуде. Стадион мамыр айында пайдалануға беріледі екен. Не де болса жақсы стадион бой көтереріне сенеміз.


ермұхамед мәулен.jpg      Ермұхамед Мәулен не дейді?

– Егер спортты дамытамыз десек, біз спорттық инфрақұрылымды стадионнан бастап жаңартуымыз керек. Ресей Әлем чемпионатын өткізер кезде 8 жаңа стадион салды. Олардың үш-төртеуі ультразаманауи, қалғаны жалпылама еуростандарттарға сәйкес келетін стадиондар. Ал Түркияда стадион мәселесі соңғы 10-15 жыл ішінде толықтай шешілді. Аз ғана уақыттың ішінде түріктер бірнеше стадион салды. Бір ғана Стамбұлдың өзінде 4 стадион бар. Осыдан 10 жыл бұрын салынған «Сиваспор» клубының «Сивас» атты стадионы 27 млн еуроға салынған. 25 мың адам сыяды. Ал Чехиядағы «Виктория Пльзень» командасының 10 мың адам сыятын керемет стадионының құрылысына 16 млн еуро жұмсалған. Шағын әрі еуропалық стандартқа сай. Бізде Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионды 44 млн еуроға жөндейміз деп отыр. Ол ақылға сыймайтын нәрсе екенін айттым. Сол сыннан кейін жөндеуге жұмсайтын қаржыны 3 есеге дейін азайтқанын естідік. Бірақ ақпараттың нақты, не нақты емес екенін білмеймін.



7 000 адам сыятын стадионда 2 спорт залы, табиғи футбол алаңы, әкім­шілік бөлмелер болады. Спорт кешені пайдалануға беріл­ген соң бұл жерде футболдан Қа­зақ­стан чемпионатының премьер-лига, бірінші және екінші лига командаларының ойындары өтеді. Осы бастаманы өзге аймақтар да қолға алса, ел футболының еңсе­сі көтеріліп, ел қатарлы біз де жақ­сы алаңда футбол ойынын тама­шалар едік. Әзірге күрделі жөн­деу жұмыстарынан босай алмай жатырмыз.

Қызылордадағы Ғани Мұрат­баев атындағы «Орталық» ста­дион маусымның ортасында күр­делі жөндеуден өтті. Алайда қызы­лор­­далықтар стадионның қазіргі жағ­дайына риза емес. Жүгіру жола­ғы мен трибуна үстіне шатыр қойылып, жарықтандыру жұ­мыс­тары біткен бойда спорттық ке­шен пайдалануға берілді. «Қа­й­­сар» футбол клубының ойын­­да­рын көруге келген жан­күйер­­лер трибуна ортасында тұр­ған тіректердің тым үлкен диа­метрлі екенін айтып ша­ғым­да­нуда. Футбол көруге ке­дергі келтіретін мұндай тірек адам өміріне қауіпті болғандықтан, УЕФА оны трибуна ортасына са­лу­ға рұқсат бермеген. Бірақ оны ес­керген ешкім жоқ. 4 миллион еуро көлемінде қаржы жұмсалып, қай­та жөндеу көрген бұл стадионда «Қай­сар» командасына жаңа мау­сымда Еуропа лигасының ойын­дарын өткізуге қиындық тудыруы мүмкін.


Stadion 1.jpg

Шымкенттегі Қажымұқан атын­­­дағы орталық стадион да жа­ңарады. Күрделі жөндеу жұмыс­та­ры­на жұмсалатын қаржы белгілі болған соң спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен оған жұмса­ла­тын соманың тым жоғары екенін айтып, мұндай ақшаға су жаңа екі стадион салуға болатынын айтып, басшылықты сынға алды.

Ол сондай-ақ Қазақстан 2002 жылы АФК құрамынан шығып, УЕФА-ға өткенде ең алдымен спорттық инфрақұрылым мәселе­сін шешіп ала алмағанын, қолда бар ақшаны оңтайлы жұмсай ал­май отырғанымызды жеткізді.

– Бір ғана «Астана аренамен» ұзаққа бармаймыз. Сапалы ойын алаңдары керек. Ескі ста­дион­дарымыз көп. Оралдың, Атырау­дың стадиондарының жағдайы мәз емес. «Шахтер», «Оқжетпес» клуб­­тары да көшіп-қонып жүре­ді. Оған біраз шығындалады. Ақ­тау­дың «Каспий» командасы да биыл премьер лигаға жолдама алды. Бірақ қай жерде ойнайтыны нақты белгісіз. Өйткені жергілікті клубтың да стадионы ескі, тозығы жеткен. Бізде жергілікті облыс әкімдігі әр облыста стадиондарын 5 жыл сайын қайтадан күрделі жөн­деуден өткізе береді. Кейбі­ре­уіне 6 млн еуроға дейін ақша жұм­сал­ған. Елдер 16 млн евроға жаңа ста­дион соғып жатыр. Стадион салу мәселесі неге қиын екенін әлі күн­ге дейін түсінбей-ақ қойдық, – дейді Ермұхамед Мәулен. Біз де түсіне алмай далмыз...


Аблайхан.JPG  Абылайхан ЖҰМАШ