Қарағанды облысында 60 жастағы ер адам далада үсіп өлді. Бұл жайында Қарағанды облыстық ТЖД-і хабарлады.
Ақпарат бойынша, сол күні сағат шамамен 17.15-те жоғалған ер адамның денесі қыстаудан бес шақырым жерде табылды. Қарағанды облысының ТЖД өкілдері тұрғындардан ауа райы нашарлағанда елдімекендерден алыс жаққа жаяу шықпауды және жол жүрмеуді сұрайды.26 ақпанда Шет ауданы Ақжал ауылдық округінде ер адамның жоғалғаны туралы хабар түскен. Ол 25 ақпанда күндіз қыстаудан белгісіз бағытта шығып, оралмаған.