Түркістанда жекеменшік үйде төрт бала мен бір ересек адамның денесі табылды
Түркістанда жекеменшік үйде төрт бала мен бір ересек адамның денесі табылды
341
оқылды
Түркістан облысындағы жеке тұрғын үйде 5 адамның жансыз денесі табылды, оның төртеуі кәмелетке толмаған. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.
«2021 жылдың 27 ақпан күні сағат 18:35-тер кезінде Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің кезекшілік-диспетчерлік қызметі пультіне «103» қызметінен хабар келіп түсті. Онда Түркістан қаласындағы жеке тұрғын үйде тіршілік белгісі жоқ 5 адам денесін көршілері анықтағаны туралы айтылған. Олардың төртеуінің кәмелетке толмаған бала екені белгілі болды. Үйде өрттің белгілері анықталмады. Тұрғын үйде табиғи газ арқылы жылу беру жүйесі орнатылған», – деп нақтылады Талғат Уәли.
 width= Оқиға орнына ТЖД (6 қызметкер, 2 техника), ПД (15 қызметкер және  4 техника), жедел медициналық көмек ауруханасы (3 қызметкер және 1 техника), "ҚазТрансГаз" АҚ (3 қызметкер және 1 техника) қызметкерлері жеткен. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.